KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Қазақстандық технологтар өрік пен алмадан чипсы дайындап жатыр

26.01.2014, 18:00 131



Өндірушілер жемістен жасалатын чипстің картоптан жасалғанынан кем түспейтінін айтады. Онымен қоса бұл картоптан жасалғаннан гөрі денсаулыққа анағұрлым пайдалы болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

5 пайыз ылғалдылыққа дейін кептіріліп, вакуум қаптамаға салынған дәм, 2 жылға дейін табиғи құнарлылығын жоғалтпайтын көрінеді.

Авторлар өздерінің ноу-хау өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынбақшы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері технологиясы» кафедрасының профессоры Әзірет Шыңғысовтың айтуынша, жемістен жасалатын қытырлақтарға қант және басқа дәм мен иісті күшейтетін зиянды қоспалар араластырылмайды екен.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив