KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Биылдан бастап еліміздің 16 теміржол вокзалында қол жүктері тексеріледі

10.05.2017, 18:00 161



– Алматы және Астана қалаларының теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен жүктерін тексеру не үшін қажет? Бұл осы қалаларда ғана тексеріледі. Басқа қалаларда олай емес. Осының себебін айтып берсеңіздер?

Гүлжамал Серғазина,
Жарма ауданы

Сауалға «Қазақстан темір жолы» АҚ магистральды желі дирекциясы вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев жауап береді:


– Ия, биылдан еліміздің 16 теміржол вокзалдарында жолаушыларды және олардың өзімен бірге алып жүрген қол жүктерін және жүктерін тексеру енгізілетін болады.

Бұл өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздігін және терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

Аталған үрдіс кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Алдымен ағымдағы жылдың 1 ақпанынан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарында, 1 сәуірден бастап Астана вокзалында енгізілді. Ал 1 маусымнан бастап барлық қалған 13 теміржол вокзалдарында енгізіледі. Бұл мақсатта 56 толық жиынтықтағы арнайы тексеру құралы алынып отыр.
Сондықтан жаңадан енгізіліп жатқан өзгерістерге орай, өзінің де, теміржол вокзалы қызметкерлерінің де уақытын босқа алмас үшін жолаушылар вокзалға уақытында келу қажет.

Әзірлеген: Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив