KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Катонқарағайда құны 50 млн теңге тұратын жылқы фермасы салынады

27.04.2017, 18:00 202



Катонқарағайдың Солдатова ауылдық округінде етті бағыттағы 300 бас жылқыға арналған ферма салынады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Калинин» ЖШС-нің басшысы Болат Қадырмышев қолға алып отырған бұл жобаның құны 50 миллион теңгені құрауда.
– Қазір жылқы шаруашылығы дамып келеді. Сондықтан атакәсіпті қолға алып, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Биыл біз ескі жылқы фермасының орнына жаңа заманауи талаптарға сай келетін ферма салуды жоспарлап отырмыз. Экспортқа шығарылатын ет өнімдерінің сапасын жақсартып, ел экономикасының дамуына үлес қоссақ деген ниетіміз бар. Жалпы, жылқы малы емін-еркін жайылып, қоспасыз шөппен қоректенсе, еттің сапасы жақсы болады, - дейді Болат Қадырмышев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив