KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да жолаушылар пойызы тракторға соғылды, адам шығыны бар

8.03.2017, 18:00 106



Лениногор –Томск бағытындағы жолаушылар пойызы Шемонайха-Локоть учаскесіндегі теміржол өткелінде тракторға соғылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгін таңертеңгі сағат 10-дар шамасында ШҚО-дан Ресейге бет алған №392 Лениногор-Томск бағытындағы жолаушылар пойызы, темір жол өткелінен өтіп бара жатқан тракторға соғылған. Оқиға салдарынан трактордың жүргізушісі мерт болды. Бұл туралы оқиға орнында болған куәгерлер айтады. Теміржол маңайындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жергілікті тұрғын, қауіпті жол учаскесіне шығып кеткен. Қазір оқиға орнында арнайы мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккен пойыз жолаушылары туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив