KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмді түсіруге үш жылдай уақыт кетіпті

18.03.2013, 18:00 150


21-наурызда қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан 3D форматында көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі – «Ер Төстік» арқау болған. «Ер Төстік» қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды.

Фильмнің авторлары осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш туынды арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайды деп үміттенеді.
"Бұл – біз үшін баға жетпес тәжірибие. Толықметражды анимациялық фильмдерді түсіру енді қолымыздан келетініне қуаныштымыз. Фильм отандық анимация тарихынан лайықты өз орнын алатынына күмәнім жоқ" деді фильмнің режиссері Жәкен Дәненов.

Қазақ фольклор кейіпкерлерін 3D форматына салып, анимациялық туындыны дүниеге әкелген топ – еліміздің ең үздік компьютерлік графика мамандары мен аниматорлары. Фильмді түсіруде "motion capture" заманауи технологиясы (актерлердің қимыл-әрекетін анимацияға айналдыру) қолданылған. Фильмді жасауға үш жылдай уақыт кетті. Шетелдің ірі мультипликациялық фильмдер шығаратын студиялары есебімен салыстырғанда, бұл мерзім аз уақыт болып есептеледі екен. Сонымен қатар, кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына қазақстандық актерлер де бар күшін салды. Олардың қатарында: Лидия Қаден, Димаш Әкімов, Қадырбек Демесінов, Күнсұлу Шаяхметова, Ақкенже Әлімжан, Илья Шилкин, Лия Нэльская, Нина Жмеренецкая, Евгений Жуманов, Филипп Волошин және тағы да басқалары бар.

«Ер Төстік және Айдахар» анимациялық фильмін үлкен экрандардан көру керек, өйткені фильмдегі анимация мен оның дыбысы арнайы кинотеатрлар үшін жасалған. Қазақстандықтарды осы ауқымды мультфильмді көруге шақырамын. Отандық мультипликацияны қолдаңыздар! Бар күшімізді салдық, көңілдеріңізден шығамыз деп ойлаймын», – деді фильмнің режиссері Рустам Тұралиев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив