KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Қарттардың көңілі бір шалқыды

3.01.2012, 18:00 150


Бұл жолда өздеріңіз үлкен еңбек сіңіріп, үлес қостыңыздар. Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та еліміздегі ағалар мен апалардың жағдайына үнемі көңіл бөліп отырады. Осынау іс-шаралардың барлығы да сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалып жатыр, – деген аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ қарияларға зор денсаулық, ұзақ өмір тілейтінін жеткізіп, Қарттар үйіне жаңажылдық шашу ретінде теледидар сыйлады.

Осынау Қарттар үйіне облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ төртінші рет келіп отырған көрінеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар-
ды үйлестіру басқармасының бастығы О.Кузовлева облыс басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған зор қамқорлыққа, ықылас пен ниетке үлкен алғысын біл-дірді. Сонымен қатар басқарма басшысы үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың бір тиынына дейін игеріл-генін, келесі жылы тағы да мол қаржы қарастырылып отырғанын да тілге тиек етті.

Қарттар үйі жүз жиырма адамға арналған. Мұнда қарттар үшін барлық жағдай жасалыпты. Кітапхана, шеберхана, шаштараз дейсіз бе, бәрі бар. Қарттар үйінің мәдени-тұрмыстық комиссиясының төрағасы З. Сотникова облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА үлкен рақмет айтты.

Осы күні облыс Әкімі Өскемендегі «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына да бас сұқты. Мұнда да саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнаған ардагерлердің тынығып, ем алуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Мекеменің осынау жаңа қонысқа көшкеніне әлі бір жылдың жүзі бола қойған жоқ. Бұрынғы ғимарат отыз адамға ғана арналса, қазір мұнда алпыс адам еркін сыяды екен. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қарттарды алда келе жатқан Ұлу жылымен құттықтай келе «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына арнайы алып келген сыйлығын тарту етті. Иә, қарттығының әр күні шаттыққа айналған қарияларды көріп, біздің де төбеміз көкке жеткендей болды.

Бұл жолда өздеріңіз үлкен еңбек сіңіріп, үлес қостыңыздар. Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та еліміздегі ағалар мен апалардың жағдайына үнемі көңіл бөліп отырады. Осынау іс-шаралардың барлығы да сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалып жатыр, – деген аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ қарияларға зор денсаулық, ұзақ өмір тілейтінін жеткізіп, Қарттар үйіне жаңажылдық шашу ретінде теледидар сыйлады.

Осынау Қарттар үйіне облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ төртінші рет келіп отырған көрінеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы О.Кузовлева облыс басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған зор қамқорлыққа, ықылас пен ниетке үлкен алғысын білдірді. Сонымен қатар басқарма басшысы үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың бір тиынына дейін игеріл-генін, келесі жылы тағы да мол қаржы қарастырылып отырғанын да тілге тиек етті.

Қарттар үйі жүз жиырма адамға арналған. Мұнда қарттар үшін барлық жағдай жасалыпты. Кітапхана, шеберхана, шаштараз дейсіз бе, бәрі бар. Қарттар үйінің мәдени-тұрмыстық комиссиясының төрағасы З. Сотникова облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА үлкен рақмет айтты.

Осы күні облыс Әкімі Өскемендегі «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына да бас сұқты. Мұнда да саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнаған ардагерлердің тынығып, ем алуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Мекеменің осынау жаңа қонысқа көшкеніне әлі бір жылдың жүзі бола қойған жоқ. Бұрынғы ғимарат отыз адамға ғана арналса, қазір мұнда алпыс адам еркін сыяды екен. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қарттарды алда келе жатқан Ұлу жылымен құттықтай келе «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына арнайы алып келген сыйлығын тарту етті.

Иә, қарттығының әр күні шаттыққа айналған қарияларды көріп, біздің де төбеміз көкке жеткендей болды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив