KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Шарлық ардагерлер ардақталды

20.04.2015, 18:00 79


Ұлы жеңіс қазақ халқының есінен мәңгіге шықпайды. Ел үкіметі осыған басты көңіл бөліп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 жарлығы бойынша Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерекелік медалдармен марапаталғандар арасында жармалықтар да бар. Жеңіс мерекесі жақындаған сайын Жарма өңірінде осы тарихи айтулы мерекеге қатысқан соғыс және тыл ардегерлерін ұлықтау аудан әкімінің қатысуымен өткізіле бастады.

Таяуда Шар қаласының 75 ардагеріне Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов салтанатты жағдайда мерекелік медальдар тапсырды.

Марапат иелерінің бірі Жарма ауданының құрметті азаматы, жергілікті ақын Қалел Рахымбеков Ұлы Жеңіс мерекесіне арнап жазған өз толғауын орындап, Жұмабаева Мария Қабышқызы жиналған ардагерлердің атынан аудан әкімшілігіне алғыс білдірді.

Марапаттаудан кейін Ардагерлер хоры ұжымы мен мектеп оқушыларының майдан әндерінен тұратын концерттік бағдарламма ұсынылды.

Мерекелік мезетті «Мәңгілік ел» атты ән аяқтады.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив