KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Аягөзде Жеңістің 70 жылдығын тойлауға 12 мың адам қатысты

11.05.2015, 18:00 138



Жеңістің 70 жылдық мерейтойын ШҚО Аягөз ауданының тұрғындары кең ауқымда атап өтті. Айтулы Жеңіс күніне Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов қатысты, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

9 мамыр - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы Аягөз ауданында гүл шоқтарын қоюдан басталды. Айтулы Жеңіс күніне арнайы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Сабильянов қатысып "боздақтарға" арналған кешенге гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын, дербес бөлімдер, білім, медицина, теміржол, әскери бөлім қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы сарбаздар тағдыры туралы көріністер көрсетіліп, соңы мерекелік концертке ұласты.

Жеңіс күніне орай, мейрамханада аудан әкімінің Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлерін қабылдауы өтті. Жиыны 100 адам қатысқан бас қосуда ҚР-ның Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов пен аудан әкімі Бақытжан Байахметов ҰОС ардагерлері мен аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтап, соғыс ардагерлеріне Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив