KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 1 м/с, З
494.95 525.49 5.05

Қазақстан колледждерінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізуге ұсыныс айтылды

11.12.2014, 18:00 146



Астанада өткен «Кәсіби білім беру және бизнес: әріптестер диалогы» атты IV халықаралық форумда Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері ел колледждерінде «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән оқытылуы керек деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш форумның негізгі тақырыбы - алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстандағы кадрларды даярлау жүйесін дамыту мәселесі болғанын айта кеткен жөн.

- Біз еліміздің Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің түлектерін жоғары оқу орындарына қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынамыз, - дейді облысымыздағы кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Роза Бисикенова.

Оның айтуынша, бүгінде Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің 48 сағаты енгізіліпті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу