KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

КӘСІПКЕРЛІК. Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

4.03.2019, 09:50 134

Қазақстан оқушылары күзден бастап кәсіпкерлік туралы сабақ оқиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу жоспарлануда. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өскелең ұрпақты кәсіпкерлікке тарту мектеп қабырғасынан басталып, ЖОО-ға дейін жалғасуы тиіс.


– «Атамекеннің» бастамасымен биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-11 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады. Сонымен қатар біз 7 сыныптан бастап мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуді ұсындық. Бұл ұсыныстар мектеп оқушылар мен олардың ата-аналарға бизнес туралы түсінік қалыптастырып, мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді, – дейді Т.Құлыбаев.

 

Оразай Жеңісұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив