KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Семей қаласының студент жастары Елбасы Жолдауын қолдайды

19.11.2014, 18:00 147



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студент жастары Елбасы Жолдауын қолдайды!

2014 жылдың он бірінші айының он бірінші күні ерекше оқиғаларға толы болды, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялады. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті студенттері де жолдауды тыңдап, толық қолдап, жан-жақты талқылауда. Ендігі кезекте жастардың алдында қандай мақсаттар бар екендігін университет студенттері білетін болар. Біздің мақсат - 2050 жылы дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру. Бұл орайда әрбір жас Жолдауға байланысты тоқталып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Жыл сайынғы Елбасының халыққа жолдауы әрдайым іске асып келе жатыр.Жүрегінде от, көзінде шоғы бар еркін,тәуелсіз елімнің жастарының бірі ретінде мен елбасыны әрқашан қолдап еңбектене бермекпін. «Елбасының әрбір Жолдауы нақтыланған жоспар, дамуымыздың сара жолы және әр қазақстандық азаматқа ерекше серпін беріп, халықтың болашаққа деген үлкен ықыласын тудырады. Биылғы «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдау біз күткендей халық игілігіне атқарылар жағымды шараларға толы, айқын бағыт бағдарламаларымен ерекше болды. Елбасы жастардың талмай еңбек ету керек екенін нақтылап кетті»,- деп бастап, жалыны жанған жас ұрпаққа өзекжарды тілегін білдірді. «Жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы»,- деді Елбасы!

Жолдауды студенттер арасында талқылау барысында көпшіліктің назарын бірден аударғаны жаңа тұрғын үй бағдарламасы болғаны анық. Қазір өз елінде өгейдің күйін кешіп жүрген жас отбасылардың басты мәселесі де баспана болып отырғаны шындық. Елбасымыз ұсынып отырған тың бағдарлама қаншама қазақ жастарына үміт отын жағып қоймай, армандарының орындалатынына көз жеткізгендей. Жастар баспаналы болса, жұмыссыздар саны азайып, қаншама адам еңбекпен қамтылады.

«Нұрлы Жолдың» аясында, әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Мәселен, еліміздегі құлағалы тұрған мектеп пен үш ауысымдық оқу мәселесін шешу үшін - 70, балабақша тапшылығын жоюға - 20, тозған тұрғын үйлерді жөндеуге 200, ал жалға берілетін баспана салуға 180 миллиард теңге жұмсалмақ.

Жол - өмірдің күретамыры екені анық. Жол мәселесін реттей отырып, алыс-жақын шет елдермен сауда-саттық, алыс-берісті, қарым-қатынасты жақсарта түсеріміз анық. Елімізде әуежай, ұшу-қону алаңдары, теңіз инфрақұрылымы жаппай жөнделіп, жаңадан жол төселіп, теміржол желісі тартылмақ.

Биылғы Елбасы Жолдауының да көтерер жүгі - көліктік-логистикалық инфрақұ-рылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту болып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық қор қаражатының жұмсалуы да ең өткір мәселенің бірі. Орнымен жұмсалған қаражат әлеуметтік мәселелерді шешуде, дағдарыстың алдын алуда өз шешімін табады деген үміттеміз.

Елбасы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемді шарпыған дағдарыстың өзінде Қазақстанның экономикасына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді. Иә, білім мен ғылымға, жастардың білім алуына ерекше жағдай жасауда. Биылғы «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауда білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлініпті. Енді тек, ел-жұрт болып жұмылып болашаққа талпыну, іздену, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек ету қай-қайсымызға да парыз деп білемін.Бүгiнде Отанымыздың жетiстiктерi - әрбiр азаматтың ұлттық мақтанышы. Күштi, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзiмдiк жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты жолдау - барлық саланы қамтитын және үздiксiз өсудi қамтамасыз ететiн жаңғыру жолы. Ол - елдiгiмiз бен бiрлiгiмiз, ерлiгiмiз бен еңбегiмiз сыналатын, сынала жүрiп шыңдалатын үлкен емтихан. Жолдауды мүлтiксiз орындап, емтиханнан мүдiрмей өту - ортақ парыз, абыройлы мiндет! Елiмiзде жастардың өз қабiлеттерiн шыңдауға, арман-мақсаттарын iске асыруға барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан жасалып отырған бұл игiлiктер - бiздiң ертеңгi күнгi жарқын әрi жасампаз iстерiмiзге негiз болып жатқаны айқын.Бiз - жастар, Қазақстанды ХХI ғасырда гүлденген, iргесi берiк, әлемдiк қауымдастықтағы мәртебелi мемлекетке айналдыруға бағытталған Елбасы саясатын мақтаныш тұтамыз. Елдiң болашағы үшiн өз жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, Университет жастарын:

- Әрқашан өзiнiң бейбiт, гүлденген, танымал және әлемде құрметке ие елiнiң, Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

- Жоғары нәтижелерге тынымсыз еңбектiң арқасында қол жеткiзуге болатындығын айқын түсiне отырып, өзiмiздiң барлық күш-жiгерiмiздi кез келген қиындықтарды жеңiп, елдiң болашақ жетiстiктерi үшiн жасауға;

- Отанымыздың жоғары дамыған индустриалды экономикасы және әлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесi бар ел болуына барлық күшiмiздi жұмылдыруға;

- Әрқашан бастамашыл болуға, өз заманымыздың өскелең ұрпағының жауапты да қайратты өкiлi болуы үшiн салауатты өмiр салтын жүргiзiп, өзiмiзге қажеттi қасиеттердi тәрбиелеуге шақырамыз.

Бiз жастар, Қазақстанның гүлденуi үшiн еңбек етемiз және күресемiз»деген жалынды, ұранды сөздерін талқылауға қатысқан әрбір студент жігерлі қабылдап, жолдауды іске асыруда өз еңбектерін аямай қызмет ететіндерін баян етті.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студент жастары Елбасы Жолдауын қолдайды!

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің Студенттік парламент спикері
Төлеуханов Айдос
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив