KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Бұқтырма су қоймасына амур шабақтары жіберілді

7.10.2014, 18:00 279



Бұқтырма су қоймасына «Күршім» өткелінің тұсынан амур балығының шабақтарын жіберді. Алматы облысы, «Шілікті тоғандық шаруашылығында» өсірілген балық ауданның су қоймаларында көбейіп, балық қорының арта түсеріне септігін тигізбек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл игі іске мұрындық болған - «Диагам» және «Төре тоғам» ЖШС жетекшілері. Алматыдан шабақтарды екі күнде жеткізген көліктердің біреуіне 16 текше метр су сияды екен. Яғни, жеті оттегі балонымен жабдықталған цистернада 283 360 ақ амур шабағы жеткізіліпті.

- Облыс бойынша балық шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жүргізіп, оларды өндіріске енгізуіміз керек. балық ресурстарын сақтап, молайта түсуіміз қажет. ақ амур балығының өзен-көлді қоқыстардан, балдырлардан тазартатын қасиеті бар, - дейді «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай филиалының директоры Сымбат Әнуарбеков.

Мамандардың айтуынша, бұл жерге келер жылы репус балығын жіберуді жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив