KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
471.46 504.79 5.53

Зайсан көліне бекіренің шабақтары жіберілді

9.08.2012, 18:00 139


Жуықта Зайсан көліне бекіре балықтың 65 мың шабағы жіберілді.

Бұған дейін көлде ихтиолог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл зерттеудің қорытындылары Зайсан көлінде бекіре балықты еш қиындықсыз өсіруге болатындығын көрсетті. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары бұл бағалы балық аса мол болып, уылдырық шашу үшін Қара Ертіске өрлеген екен. Ал Зайсанда бекіренің құрып кетуіне уылдырық шашуға баратын жолды кесіп тастаған су электр стансасының салынуы себепкер болған.

Зайсанға бекіре шабақтарын жіберуді Алматы облысындағы Шелек балық өсіру кәсіпорны жүзеге асырды. Зайсан көлінің шортаны шоршып, бекірелері тайдай тулап жататын күн де алыс емес сияқты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив