KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Семейде жеңіл өнеркәсіп саласын жетілдіру жолдары қарастырылды

18.08.2014, 18:00 127




Елімізде еңсесін көтере алмай келе жатқан саланың бірі – жеңіл өнеркәсіп. Жұмыс жүріп жатқанмен, салыстырмалы түрдегі
көрсеткіш мүлде мардымсыз. Қазақстандағы жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі жеңіл өнеркәсіптің қазіргі таңдағы үлесі 0,3 пайыз мөл-шерінде ғана, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Содан да болар, бастан-аяқ киіміміздің бәрі «импортный!». Қоғам алмасуы кезінде бұл да бір айналып өте алмайтын мәселе шығар.
Бірақ қашанғы солай бола бермек. Міне, көп-шілік көкейіндегі осындай көп сұрақтың түйіні де тарқайтын кез жақындай түскен секілді. Инновация және даму министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков-тің таяуда Семейге жасаған жұмыс сапары бізге осындай ой түйгізді. Бүгінде аталған ми-нистрлік «Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған» республикалық кешенді жоспарын қолға алыпты. Соған орай пікірлер мен ұсыныстарды өнім өндірушілер-дің өз аузынан естіп, ел ішіндегі көзқарасты байыптау керектігі ескерілген. Сол себептен де Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Семейдегі жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлермен жүздесті. Комитет төрағасы ең алдымен «Семспецснаб» ЖШС-інде болды. Бұл – кезінде «Большевичка» атауымен бүкілодаққа мәлім болған тігін фабрикасы-ның мұрагері іспетті. Бүгінде бұл мекеме уақыт талабына икемделіп, көйлек пен тұлыпқа дейінгі аралықтағы киімнің сан алуан түрін шығаруды меңгеріп алған. Түрлі қызметтердің арнайы киімдері мен әскери құрамның барлық қызметкерлеріне арналған сырт киімдер талапқа сай тігіледі. Ендігі кезекте ерлердің костюмдері мен мектеп формасы секілді жаңа өнімдерін айналымға шығармақ. Қана-тын қатайтып, іргесін кеңіткен бұл фабрика өт-
кен жылдары жергілікті атқарушы биліктің қол-дауымен қала сыртынан жаңа өндіріс орнын салып, фирмалық дүкенін де іске қосып алды.

Комитет басшысының келесі болған жері – «Технология комфорта» ЖШС. Пластиктен, ағаштан есік-терезелер жасауды жолға қойған серіктестік соңғы үш жылдан бері мақта-мата-дан тоқылатын жұмыс биялайын шығарады. «Китайские перчатки» атанып кеткен қолғапты өндіру 2012 жылы «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасымен жүзеге асырылған. Жоба қуаттылығы бойынша айына 3000 жұп қолғап өндіріп отырған серіктестік елімізден тысқары Ресей нарығына да еніп үлгерді. Сұраныстың артуы серіктестікті өнім көлемін жылына 6 миллион жұп биялай шығаруға үміттендіріп отыр.

Төраға тоқтаған тағы бір кәсіпорын – «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС. Бұл – кезіндегі «Семейдің қара тондарының» қайнар көзі болған, 3000 адамды еңбекпен қамтыған әйгілі завод. Тері өндірісінің тынысын қайта ашуға бел буған комбинат басшысы Жұмағазы Рахымғалиев соңғы 15 жыл көлемінде талай рет тәуекелге барды. Алыс-жақын шетелдерден инвесторлар тартып, әріптестік орнатуды да көздеді. Өнім заманауи үлгіде өңделуі үшін итальяндық қондыр-ғылар әкеп орнатты. Кәсіпорын 2008 жылдары үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына еніп, тері өндірісін қалпына келтіру мен жаңғырту жобасын қолға алған. Жобаны инвестициялау мерзімінің тым созылып кеткендігі қолбайлау болғанына қарамастан, кәсіпорын қалыпты жұмыс істеу бағытынан бұлжыған жоқ. Енді, міне, комитет төрағасының өзі келіп мән-жайға үңіліп, кешенді жоспарды ортақ талқылауы – үкіметтік қолдаудан үміт үзбеген кәсіпкер сеніміне үлкен серпін бергендей.

Кәсіпорын басшысы Жұмағазы Рахымғалиев өз кезегінде комбинат өнімдері осы уақытқа дейін Үндістан, Италия, Қытай, Түркия елдеріне экспортталып келгенін, соңғы кезең-де Ресей өндіріс орындарымен байланыс қалыптаса бастағанын жеткізді. Десе де, кәсіп-кер өңделген теріні саудалағаннан гөрі осы өнімдерді одан әрі пайдалану жүйесін дамыту қажеттігін қолға алуды қалайды. Өйткені, мал терілерінен киім түрлерінен бастап, жиһаз, автосалон, әмиянға дейінгі қажетті былғарының 16 түрін өндіруге болады екен. Бұл – неше мыңдаған жұмыс орны, бір терінің құнын 300 есеге дейін көтеру! Расында, оған 1000 теңге-ден шетел асып кеткен мал терілерінің неше мыңдық киім болып оралып жатқандығы дәлел. Сонымен бірге қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатылған ауылшаруашылық өнімдері тізіміне малдың терісі мен жүні енбей келе жатқаны да мәлімделді. Сондықтан, комбинат бір өнімге екі рет ҚҚС төлеуге мәжбүр. Шикізат нұсқасына – бір, өңделген нұсқасына – екі дегендей. Басқа да қордаланған мәселелерді ретке келтіріп алса, комбинат қазірдің өзінде жылына 450 мыңдай тері өңдеуге, 400-ден астам адамды еңбекпен қамтуға дайын көрінеді. Тері өндірісі толық іске қосылса, былғары өніміне қатысты тағы бірнеше бизнес орындары ашылмақ.

Комбинат жетекшісі тек осы өндірісті жетілдіру арқылы 30 мыңдай адамды еңбекпен қамтып, 150 миллиард тенгенің өнімін игеруге болады дейді. Кәсіпорындарды аралаудан басталған сапар келесі күні жеңіл өнеркәсіп бағытындағы кәсіпкерлер алқасымен кеңес өткізуге жалғас-ты. 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобалық нұсқасымен алдын ала танысып үлгерген іскер қауым өз тәжірибеле-рінен мысалдар келтірді. Жалпылай алғанда, жеңіл өнеркәсіпті жетілдірудің бағыт-бағ-дарын жан-жақты қамтуға негізделген кешенді жоба көпшілік көңілінен шығып отыр. Кеңес барысында семейлік кәсіпкерлер тарапынан «Самұрық – Қазына», «Даму» арқылы бөлінген қаражаттың екінші деңгейдегі банктерде және біздің елде даярланбайтын мамандыққа шетелден оқыту ақысын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізсе деген секілді тың ұсыныстар айтылды.

Кешенді жоспарды кәсіпкерлер ортасында талқылау жиынын жүргізе отырып, Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов күн тәртібіне орай екі ұсыныс айтты. Қала әкімінің айтқан ұсынысының бірі – мал терілерін шикізаттай сыртқа шығаруға тыйым салу, екіншісі – жергілікті кәсіпкерлерді еңбек адамдарына төлейтін экологиялық үстемақыдан босату. Мал терілерінің әртүрлі жолдармен шекара сыртына шығарылуы – көлеңкелі бизнеске жол берумен қатар, тері өңдеу өндірісін қажетті шикізатпен қамтуға үлкен кедергі. Мәселен, былтыр өңірімізде сойылған мал терілерінің жартысынан астамы шикізат күйінде сыртқа кетіп қалған. Ал экологиялық үстемеақы кәсіпорын есебінен төленетіндіктен, өнімнің өзіндік құнын 10-15 пайызға дейін өсіруге мәжбүрлеп келеді. Бұл жергілікті өнімдердің өзге өңірдегі өнімдерден табиғи түрде қым-бат болуына, баға жағынан бәсекеге сай бола алмауына әкеліп соғады. Отандық өнімдерге берілетін мемлекеттік тапсырыстар кезінде баға саясатынан ұтылып қалуға себеп болуда. Сөйтіп, жиын қорытындысында жергілікті кәсіпкерлер мен мамандардың осы және басқа да ұсыныстары ретке келтіріліп, же-делдетіп республикалық талқылау алқасына жіберілу керектігіне тоқтам жасалды. Жеңіл өнеркәсіпті жан-жақты дамыту – ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын мейлінше ұлғайтуға жол ашатыны белгілі. Кешенді жоспарда ол жағы да ескерілген. Осы жоспардың жобасын аймақтарда талқылаудың алғашқы кезеңі Семей жерінен басталуын да ырымшыл халық жақсылыққа жорып отыр.


Қайрат Зекенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив