KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Астана күніне орай қымыздан бұлақ ағызды

7.07.2014, 18:00 155



Астана күніне орай Семей қаласында «Қымызмұрындық» мерекелік іс-шарасы өтті. Аты айтып тұрғандай, мерекеге жиналған үлкен-кіші орталық саябақта қымыздың түр-түрін ішіп, қызыққа кенелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, бұл күні көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет «Жылқы жылындағы жүздесу» атты шығармашылық кешін өткізді. Жерлесімізбен бірге құрметті қонақтар ретінде ақын-жазушылар мен өнер иелері де келіпті. Атап айтсақ, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Секен Тұрысбеков, жазушы Кәдірбек Сегізбаев, ақын Темірхан Медетбек және тағы басқалар.

Шара барысында халық ақындары орталығының шәкірттері Ұлықбек Есдәулеттің шығармаларын оқып, Астанаға арналған жыр шашуын тарту етті. Мәртебелі меймандар қала тұрғындарымен бірге балдай тәтті қымыздан дәм татты.

«Қымызмұрындық» тойы әрі қарай қалалық мәдениет сарайы әртістерінің, өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Астана күніне орай кешке орталық алаңда мерекелік концерт болды. Концертте «Еураз-Шоу» ән-би театры, қалалық мәдениет сарайының әртістері және еліміздің мәдениет қайраткері Мафруза Өтеленова сынды белгілі өнер майталмандары өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ, қаланың Шығыс кентінде «Көше күні» аталып өтті. Бұл шара да Астана күніне орайластырылды. Декоротивная
көшесінде балалар асфальтқа сурет салып, Шығыс кентінің тұрғындарына дәрігерлік кеңестер берілді. Қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, кенттегі ең таза аула, тәрбиелі отбасы, жақсы үй аталымдары бойынша отбасылар марапатталды. Жиын соңы қалалық концертке ұласты.

Қала жастары да мерекеден қалтарыс қалған жоқ. Олар Арбат фестивальде бас қосты. Жастар орталығы мен «Рахмет» КВН командасы ұйымдастырған фестивальде «Street workout» спортшылар қозғалысының өкілде-рі өздерінің шымыр дайындықтарын көрсетті.

Раушан Нұғманбекова
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив