KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Ерлер мен әйелдер арасында шахамат турнирі өтті

27.04.2014, 18:00 238



26 сәуір сенбі күні ШҚО Бородулиха ауданының орталығындағы Бородулиха қазақ мектебінде Айтқазы Оразаевтың ұлы аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Орзаевтың демеушілігімен еңбек және спорт ардагері А.К.Оразаевты еске алу арналған ерлер мен әйелдер арасында шахаматтан Бородулиха ауданының жекелей ашық біріншілігі болып өтті. Осы жарысқа семейлік қос төреші В.Сороко, С.Смотровтар қазылық етті.

Бородулиха ауылдық округінің әкімі Кенеғұл Бичуинов Семей қаласынан және Бородулиха, Новопокровка, Жаңа Шүлбі ауылдарынан келген 21 шахматшыға табыс тілеп, еңбек және спорт ардагері А.К.Оразаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында Бородулиха ауданының шахматтан жекелей ашық біріншілігінің шымылдығын ашты.

Тартысты өткен А.К.Оразаевты еске алу шахмат турнирі қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-3 орындарды семейлік шахматшылар иеленді. Атап айтсақ, спорт шеберлігіне үміткерлер Т.Демежанов, Т.Туктасов және А.Утегеновтер барлық ойыншылардан басым түсіп, өздерінің нағыз баптарында екендіктерін таныта білді. Әйелдер арасында бірінші орынды Жаңа Шүлбі ауылының тұрғыны Г.Мелкова, екінші орынды Бородулиха ауылының тұрғыны А.Ахмадиева және үшінші орынды Новопокровка ауылының тұрғыны А.Ордыбаевалар иеленіп, өздерінің өрнекті ойындарымен спорт сүйер қауымға ләззат сыйлай білді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген қатысушыларды еңбек және спорт ардагері А.К.Оразаевтың артында қалған әулеті марапаттады. Барлық жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Іс-шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқан Самал Жақсылықова басқаратын Бородулиха қазақ орта мектебінің ұжымына, Семей қалалық әкімшілігіне, Бородулиха, Новопокровка, Жаңа Шүлбі ауылдарының әкімдеріне аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Орзаев өзінің жеке алғысын білдірді.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив