KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

88 бизнес-жоба «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды

23.02.2014, 18:00 170



Былтыр ШҚО Бородулиха ауданында 16 шағын кәсіпкерлік нысан ашылып, бұл күндері кәсіпкерлер жобалаған шаруаларын құлшыныспен іске асырып жатыр. Ал биылғы меже бұдан да жоғары болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, кәсіпкерлер Михайличенково ауылында доңғалақ жөндеу цехын, Новая Шульба ауылында киім тігетін ателье, Бородулиха ауылында дүкен, Жезкент кентінде мейрамхана және басқа да нысандарды ашуды қолға алды.

Былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Бородулиха ауданына 235,5 млн. теңге бөлініп, бұл қаражат 88 бизнес-жобаны жүзеге асыруға жұмсалды. Соның нәтижесінде несие алған кәсіпкерлер былтыр 366 бас жылқы, 523 бас қой мен ешкі, 18 бас жылқы сатып алып, жас төлдерімен бірге бағып, өсіріп жатыр.

Сондай-ақ, аз қамтылған азаматтар үшін ауданның он ауылдық округінде қой және құс өсіру бригадаларын құру бойынша қанатқақты жоба жүзеге асырылды. Былтыр жұмыспен қамту картасына сәйкес 322 жұмыс орны құрылып, жоспар105 пайызға орындалды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив