KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, З
484.37 531.06 5.05

Жаңа жобалар Зырян ауданында жүзеге асырылып жатыр

10.07.2013, 18:00 297


Кәсіпкерлер Зырян ауданындағы Тұрғысын тірек ауылын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларын белсенділікпен іске асырып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «Дуанбеков» шаруа қожалығы ірі қара мен жылқы өсіріп жатыр. Ал «Газахунов» шаруа қожалығы 2 млн. теңге несие алып, көкөніс сақтау қоймасын салды. М.Құдашев мал соятын цехты іске қосты. Жеке кәсіпкерлер Н.Дерк бес гектар жер телімін алып, көкөніс өсіруге кіріссе, В.Козлов ағаш өңдеу цехын салып жатыр. Б.Коломанова аяқкиім жөндеу орталығын және шаштараз ашу жобасын іске асырумен айналысуда.
Қазіргі таңда округте 700-ден аса ара ұясы бар. Келесі жылға дейін санын бір мың ұяға жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ауылды көрік-тендіру, көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру, жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық алаңды көркейту, субұрқақ орнату, төңірегіне гүлзарлар салу, үш ұзын көшені жарықтандыру орта мектептің қасбетін жөндеу, балалардың ойын алаңын салу жұмыстары қоса жүргізілуде.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив