KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
486.65 524.46 5.05

Жеңіл атлетикадан Қазақстан Біріншілігінде жүлделі орынға ие болды

16.02.2014, 18:00 106



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің 1 курс студенті Құсманов Иманмәди жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан Біріншілігінде топ жарып, жүлделі орынға ие болды.

Жарыс ағымдағы жылдың 4-6 ақпан аралығында шырайлы Шымкент қаласында өткен болатын. Спорт додасына ШҚО атынан қатысқан Иманмәди 2:01:06 уақыты бойынша мәреге жеткен. 800 метр қашықтықты бағындырып, жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионатында 3-ші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, жас спортшы эстафета бойынша да жүлделі орынға ие болды.

Айта кету керек, Иманмәдидің биік шыңнан көрінуіне оның жаттықтырушылары Б.А.Дягелев пен С.С.Ершовтың еңбегі зор. Спортшының өз бапкерлеріне айтар алғысы да шексіз. Спортты жанына серік еткен Иманмәди алдағы уақытта талмай еңбектеніп, бұдан да жоғары нәтиже көрсететінін жеткізді.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив