KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жеңіл атлеттер Азия ойындарына қатысады

11.02.2014, 18:00 173



Шымкентте жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында ШҚО спортшылары жалпыкомандалық екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ересектер арасындағы бәсекеде өскемендіктер Евгений Шеттыкбаев үш қарғып секіруде топ жарса, Ольга Лапина сырықпен секіруде дара шықты. Биіктікке секіруде семейлік Регина Сәрсекова жеңімпаз атанды.

400 метрлік қашықтықта жүгіруде екінші орынды иеленген риддерлік Элина Месина өз көрсеткішін жақсарта түсіп, спорт шебері талабын орындады. Риддерліктер Максим Мжельский 800 метрлік, Андрей Лейменов 3000 метрлік қашықтықтарда сынға түсіп, көмбеге екінші болып жетті. Ал семейлік Бауыржан Серікбаев сырықпен секіруде екінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, 1995-1996 жылдары туған жеңіл атлеттер арасында семейліктер Александра Кривицкая биіктікке секіруде, Руслан Хабибулин көпсайыста үздік нәтижеге жетіп, жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Өскемендік Даяна Островская көпсайыста, Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан Андрей Соколов 400 метрлік қашықтыққа жүгіруде екінші орынды еншіледі.

Сонымен қатар, 1997-1998 жылдары туған спортшылар бәсекесінде риддерлік Мөлдір Сейітханова 3000 метр қашықтыққа жүгіруде, семейлік Иван Соколов үш қарғып секіруде республика чемпионы атанды. Ал семейлік Ербол Қаленов пен өскемендік Вета Харитонова көпсайыста, глубокоелік Владислав Сутягин 200, риддерлік Сергей Унжаков 1500 метрлік қашықтыққа жүгіруде екінші орынды иеленді.

– Биыл қыркүйекте Оңтүстік Кореяда Азия ойындары өтеді. Біздің облыстан жеті спортшы еліміздің құрама командасына қабылданып, осы ойындарға даярлықты бастады, – дейді жеңіл атлетикадан облыс командасының аға жаттықтырушысы Тамара Бучатская.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив