KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Жеңіл атлеттеріміз алдыңғы сапта жүр

24.06.2013, 18:00 132


Алматыда өткен ХХІІІ Ғұсман Қосанов мемориалына Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан командалары қатысты.Бұл жарыста біздің облыстың жеңіл атлеттері айтарлықтай жетістіктерге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ольга Лапина сырықпен секіруде бас жүлдені иеленді. Бес мың метрлік қашықтықта жүгіруде Андрей Лейменов алдына жан салмады. Табақша лақтыруда Евгений Лабутовтың көрсеткіші барлығынан да асып түсті. Бұған қоса бес спортшымыз екінші, төрт спортшымыз үшінші орындарды еншіледі.

Шығысқазақстандық жеңіл атлеттер елімізде өтіп жатқан жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, жанкүйерлер қауымының сенімін ақтап жүр. Мәселен ІІІ республикалық жастар ойындарында біздің облыстың спортшылары командалық екінші орынды жеңіп алды.

Максим Мжельский 1500 метрлік, Влад Лешин 400 метрлік, Жанна Мамажанова 5000 метрлік қашықтықтарда жүгіруде екінші орындарға ие болды. Сондай-ақ, М.Шушеньков табақша лақтыруда, В.Торлопов балға лақтыруда, Р.Сәрсекова биіктікке секіруде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив