KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Белсенділер Ресей Президентіне Хан Кененің басын қайтару жөнінде хат дайындап жатыр

20.01.2014, 18:00 114



«Хан кенені қайтарайық!» қозғалысының белсенділері, Ресей Президенті Владимир Путиннің атына Кенесары ханның басын елге қайтару өтініші бойынша петиция дайындап жатыр, деп жазады "Экспресс-К".

Өтініш құжатына қазір 350 ден астам қазақстандық қол қойған. Олардың қатарында еліміздегі белгілі ғалымдар мен тарихшылар жалпы қоғам тынысына бей-жай қарай алмайтын азаматтар бар. Белсенділердің мақсаты миллионнан кем емес қол жинау.
Хан Кененің басын қайтару мақсатындағы жұмыстар енді ғана қолға алынып жатқан жоқ. Тіпті кеңес заманында да бұл мәселемен Өзбекәлі Жәнібеков, Бауыржан Момышұлы сияқты танымал тұлғалар айналысқан. Өткен жылы мәжіліс депутаттары да осы сұрақ төңірегінде біраз әңгіме қозғаған болатын.

Бірақ аталған талпыныстар еш нәтиже берген емес. Хан кененнің басы Ресей мұражайларының бірінде патшалардың күлсалғышы болып әлі күнге дейін сақталып тұр. Бас сүйек 1987 жылға дейін Эрмитажда тұрып, кейін Ресей құнды металдар мен құнды бұйымдар мемлекеттің қорына ауыстырылған.

«Хан кенені қайтарайық!» қозғалысының белсенділері ханның басы сол жерде әлі күнге дейін сақталып тұрғанына сенімді. Бірақ солтүстіктегі көршіміз атамыздың басын айтаруға асығар емес.

- Біз миллионнан астам қол жинамасақ жабулы қазан жабулы күйінде қала бермек. Бұл – біздің қасиетті борышымыз. Аталарымыздың «аруақ разы болмай – тірі байымайды» деген қанатты сөзі бар,-дейді қозғалыстың үйлестірушісі Нұрлан Әміреқұлов.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив