KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Көппәтерлі тұрғын үйлердің 80 пайызы жөндеуді талап етеді Семейде

9.12.2013, 18:00 236



Семейдегі көппәтерлі тұрғын үйлердің 80 пайызы жөндеуді талап етеді. Шаһарда бүгінге дейін 12 тұрғын үйге терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Қаланың Глинка көшесіндегі 41-ші үй апатты жағдайда тұрған болатын, – дейді «Рысқұлов, 33» ПИК-інің төрайымы Ғалия Мұқанова, – тұрғындар қиналып жатқан соң бастамашы топ құрып, терможаңғыртуға қатысуды жөн көрдік.

Төрт миллион теңгегеғимараттың төбесін жөндеп, домофоны бар есік қойылғанда жұрттың қуанышында шек болмады. Басқа үйлердің тұрғындары келіп көріп, қызығып жүр.

Жөндеуден өткен Түркісіб, 49 мекенжайындағы тұрғын үйдің жеделсатысы да қазір күні бойы жұмыс істеп тұр.

– Жеделсатының жұмыс істемегеніне 20 жыл болған еді, – дейді тұрғын Любовь Беккер. – Басында сеніңкіремей, ақшамыз далаға кете ме деп уайымдағанымыз да рас. Олай болған жоқ. Тамыз айынан жеделсатымен көтеріле бастадық. Әрине, терможаңғырту бойынша жеті жыл бойы ақысын төлеп отыратын боламыз, бірақ еш өкінбейміз. Мен үш бөлмелі пәтерде тұрамын. Сондықтан жеті жыл бойы 2400 теңгеден төлейтін болам. Мұны қалтам көтереді.

Мамандардың айтуынша, Семейде 1306 көппәтерлі үй бар. Оның 20 пайызы ғана терможаңғыртуды пайдаланған. Қалғандары әрине, әртүрлі деңгейде жөндеуді талап етеді. Сондықтан да терможаңғыртудың игілігін көріп, үйлерін жөндеп алу – тұрғындардың өз қолында.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив