KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 8 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Тозығы жеткен үйлер Семей қаласында көп

23.07.2013, 18:00 152


Семейдегі тұрғын үй инспекциясының мамандары тұрғын үйлердің техникалық жағдайларын тексеріп, олардың тозу дәрежесін зерттеуден өткізуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семейде тұрғын үй инспекциясы өткен жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істей бастады. Тоғыз ай ішінде 121 тұрғын үй зерттеліпті. Семей қаласы бойынша тұрғын үй инспекциясы мекемесінің бастығы Светлана Заурбекованың айтуынша, қаладағы үйлердің 85 пайызы толығымен жөндеуді қажет етеді.

– Тұрғын үйлерді түпкілікті жөндеуден өткізу заң бойынша жекеменшік пәтер иелерінің өз қаражаттары арқылы жүзеге асырылуы тиіс, – дейді Светлана Заурбекова. – Тұрғын үй инспекциясы терможаңғырту бағдарламасы бойынша сметалық келісім арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге жекеменшік пәтер иелері сұраныс жасайды. Біз терможаңғыртуға ілінетін үйді жан-жақты зерттейміз. Зерттеу барысында ең басты және қосалқы жұмыстарды қарастырып, содан соң ғана терможаңғырту бағдарламасына ол үйді кіргіземіз.

Міне, 15 жыл бойы тұрғын үйлерді жекеменшік пәтер иелері кооперативтері басқарып келеді. Жақсы жұмыс істеп отыр-ғандары да баршылық, дегенмен, тұрғын үйлердің проблемалары қордаланып қалғандығы да жасырын емес. Жекеменшік пәтер иелерінің құқықтары қорғалмайды. Светлана Заурбекованың айтуынша, қанша қаржы қалай жұмсалғандығын тексеріп жатқан ешкім жоқ.

– Тек прокуратура тарапынан тексеру жоспары бекітілген кезде ғана біз жекеменшік пәтер иелері кооперативтеріне барып, есеп-қисабын тексеріп, жалпы жиналыстардың хаттамаларын көре аламыз. Бүгінде жекеменшік пәтер иелерін біз ұзақ уақыт бойы үгіттеп қана терможаңғырту бағдарламасына кіргізудеміз. Ал егер тұрғын үй инспекциясы ПИК-терге әкімшілік төлем төлету құқығына ие болса, айыппұлдардан қашқан кейбір ПИК-тер дереу терможаңғырту бағдарламасының дұрыстығына көз жеткізген болар еді, – дейді ол.

Семейде 9117 кондоминиум нысаны бар. Бір, екі, үш қабатты үйлердің өз жер телімдері бар болғандықтан иелері өз есептерінен кондоминиумдарға тіркеткен. Басты проблема, кондоминиумдарды көпқабатты үйлерде тіркету. Осындай 1 306 үйлердің 300 шақтысы ғана кондоминиум нысандарын тіркеткен.

Биыл Семей қаласы үшін терможаңғырту бағдарламасына 500 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде. Бұл қаражатқа 40-50 үйді жөндеуден өткізуге болады екен. 2011 жылы 23 үй, 2012 жылы 12 үй, ал биыл қаладағы 23 үй терможаңғырту бағдарламасына енбекші. Бұның үшеуінде қазір жоба-сметалық құжат дайындалуда.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив