KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

«Бөбек» қорының Президентінен жеткен базарлық

28.11.2013, 18:00 220


«Үміт» балалар үйінде жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан «Ризашылық» күні өтті. Жыл сайын осы күні "Бөбек" қорының Президенті Сара Алпысқызы балалардың әрқайсысына арнап арнайы бағалы сыйлықтарын жіберіп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Бар мейірім - балалар үшін…» тақырыбының аясындағы аталмыш мереке биыл бесінші жыл ұйымдастырылып отыр. Осы мекеменің әдіскері Сәуле Әлімбаеваның айтуынша, балалар таңертең ұйқыларынан тұра салысымен бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тәрбиешілер бүлдіршіндер жастығының астына жылы сөздер жазылған жүрекшелер тығып қояды. Мейірімге толы жылы сөздермен басталатын ерекше күн ән мен күйге, құшақ-құшақ сыйлықтарға ұласады.

Бөбек Қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Ризашылық» мерекесі ата-ана мейіріміне зәру балалардың жүрегіне жылу сәл де болсын жылу ұялату мақсатында өткізіледі.

Балалар үйінде өткен мерекелік концертке облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Аркадий Исаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова, қалалық білім бөлімінің басшысы Александр Кузнецов қатысты.

"Құрметті балалар! Құрметті қонақтар! Сара Алпысқызының арқасында бүгін біздің үлкен жанұямызда – Ризашылық күні! Тек шын жүректен алғыс айта алатын адамдар ғана бір-біріне, Отанына, туған жеріне қамқорлық жасай алады. Мейірімділік, ризашылық, қайырымдылық – бұл ғасырлар бойы адамзат бойында қалыптасқан ең игі қасиеттер", - деп сөз бастаған жүргізуші Евгений Выблов осы «Үміт» балалар үйінің түлегі. Қазір өңірге танымал әншіге айналған ол, өзі өскен үйі қызықтарымен әркез бөлісіп жүреді екен.

"Бөбек" қорының Президенті жыл сайын осы күні балалардың әрқайсысына арнап бағалы сыйлықтарын жіберіп келеді. Бұл жолғы базарлықтар спорттық бұйымдар қатарынан болды. Балаларға спорттық шаналар, шағын жаттығу құрылғылары басқа да әртүрлі спорттық заттар сыйға тартылды. Ресбуликалық, әлемдік өнер бәйгелерінің жүлдегерлері атанып жүрген балалар үйінің көркемөнерпаздар тобы қонақтарға арнап театрландырған қойылымдар ұсынды. Концерт соңы би кешіне ұласты.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив