KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Шығыс Қазақстанда саяжайдан жанып кеткен адамның денесі табылды

14.11.2013, 18:00 155


Өскемен қаласындағы бағбандар қоғамының бірінде өрт кезінде жанып кеткен адамның денесі табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бақытсыз оқиға Новотроицк ауылындағы саяжай үйлерінің бірінде орын алған. Үйдің ағаш құрандылары от құшағына оранып, барлығы 30 шаршы метр аумақтың күлі көкке ұшты.

Өрт сөндірушілер келгенше төбенің жабындысы опырылып түсіп, тілсіз жау айналасындағын түгел жалмаған. Лаулаған отты сөндіру кезінде жанып кеткен адамның мүрдесі табылды. Қазір мамандар оның жынысы мен кімдікі екенін анықтап жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив