KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Саяжайдан жанып кеткен адамның денесі табылды

22.09.2013, 18:00 180


Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Бұқтырма» саяжайында өрт кезінде жанып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сәйкес, тілсіз жау саяжай үйінің 35 шаршы метрін жалмаған. Ғимараттың ағаш құрандылары, едені, жиһаз бен жеке заттар отқа оранған. Соның кесірінен үйдің төбесі опырылып түсті. Ғимараттың ішін тексеру кезінде диваннан жанып кеткен ер адамның денесі табылды.

Өрт сөндірушілер қазір бақытсыз жағдайдың орын алу себептерін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қасақана өртелген немесе отты абайсыз пайдаланудан тұтанған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив