KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Глубокое ауданында қараусыз қалған үйден өртеніп кеткен адамның мүрдесі табылды

24.04.2013, 18:00 351


ШҚО Глубокое ауданындағы Верх-Берёзовка кентінде өрттенген қараусыз үйден 57 жастағы ер адамның жанып кеткен денесі табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлағандай, өрт 8 пәтерлі екіқабатты адамдар тұрмайтын барақ типтес үйде шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жау үйдің ағаш бөліктерін, төбе жабындыларын түгел жалмап үлгеріпті.

Отты ауыздықтау кезінде жанған шатыр опырылып түсті.

Ғимаратты тексерген құтқарушылар екінші қабаттағы ас үйден 57 жастағы ер адамның өртеніп кеткен мәйітін тапты.

Тілсіз жау 120 шаршы метр жерге жайылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив