KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскемен қалалық әкімдігінің бұрынғы шенеунігінің үстінен қылмысты іс қозғалды

10.09.2013, 18:00 116


Өскемен қалалық әкімдігінің бұрынғы шенеунігінің үстінен қылмысты іс қозғалды. 33 жастағы Жанет Нұрланға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шымкенттің тумасы Жанет Нұрлан Өскеменнің кезіндегі әкімі Ислам Әбішевтің командасында қызмет істеген болатын, ол қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарды. Оның қызметтен қалай, қашан кеткенін ешкім де байқамай қалған. Қазір оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінде шенеуніктің үстінен қылмысты іс қозғалғанын айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив