KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

«Ақ көгершін» би ұжымы «Үлгілі-өнегелі ансамбль» атағына әбден лайық

20.10.2013, 18:00 138


Курчатов қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақ көгершін» би ұжымы «Үлгілі-өнегелі ансамбль» атағын осымени екінші мәрте ақтап шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл атақ курчатовтық би ұжымына 2007 жылы берілген болатын. Аталмыш ансамбльдің шығармашылығының негізгі ағымы - қазақ халқының билерін орындау. Бұл ұжым қаламыздағы, облыстағы өтетін барлық фестивальдар мен байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегерлері, мәдени іс-шаралардың өзегі десе артық емес.

«Ақ көгершіннің» бишілері Семей қаласының Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі тарапынан құрылған комиссия алдында, үш жылда бір рет қайта қорғалып отыратын атақтарын осымен екінші мәрте ақтап шықты.

Шығыс өңірі бойынша Бесқарағай, Бородулиха, Абай, Курчатов өнерпаздарының жұмыстарын бағалаған комиссия курчатовтық өнерпаздарының өнеріне «Үлгілі-өнегелі ансамбль» атына сай деп, жоғары баға берді.

«Ақ көгершін» үлгілі-өнегелі ансамблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған, еңбек тәжірибесі мол өнерпаз – Светлана Остапенко.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив