KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Жармадағы концертте Эквадордан келген фольклорлық ансамбль өнер көрсетті

17.07.2018, 10:15 184

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Салтанатты шара  «Ауылым – айдын шалқарым» фестивалінің гала-концертіне ұласты. Бұл мәдени шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мамыр айында қолға алынған болатын. Биыл екінші мәрте өтіп отыр.


Жарма ауданының әкімі Нұрлан Бәтташұлы осы фестивальде жүлдегер атанған ауылдық округ ұжымдарын, мекеме, ұйым өкілдерін де арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапаттап, концерттің құрметті қонағы ретінде Эквадордан келіп өнер көрсеткен фольклорлық ансамбль мүшелеріне алғыс білдірді. Гала-концерт соңында атаулы мерекеге орай отшашу шашылып, соңы жастардың би кешіне ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив