KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

"Атамұра" ансамблі гастрольге шықты

7.02.2013, 18:00 195


Ұлан аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде Өскеменнен арнайы келген «Атамұра» ансамблінің концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл ұжым облыс орталығындағы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған болатын. Жаңабай Әшімов жетекшілік ететін ансамбль өнерлерімен жастарға өнеге көрсетіп, тыңдарманның қошеметіне бөленіп жүрген зейнет жасындағы азаматтардан құралған.

Р.Мәрсеков атындағы мектептің жиын залында өткен концертте ансамбль мүшелері домбыра, баян, қобызда ойнап, тұрғындар көңілінен шыға білді.

Концерт соңында кент әкімі Д.Мусин ансамбль мүшелеріне алғысын білдіріп, оларға шығармашылық табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив