«ШАМ-шырағым керуені» акциясы аясында Катонқарағай мен Күршім ауданы жастары тәжірибе алмасу мақсатында достық кездесу өткізді., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Кездесу барысында қонақтар Үлкен Нарын ауылындағы тәуелсіздік саябағын аралап, аудандық мәдениет үйі жұмысымен танысты. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Сонымен қатар, аудандық аграрлық-техникалық колледжде болып, студенттер әзірлеген концертті тамашалады.
Бұдан соң күршімдік жастар Катонқарағай ауылына келіп, «Жас турист бекетінің» жұмысына қанықты. Мекеме директоры Айжан Мұхамеджанова слайд арқылы қажетті ақпараттарды көрсетіп, бекет туралы қысқаша әңгімелеп берді.
Шараның соңғы нүктесі екі ауданның жас мамандарының қатысуымен кейінгі буынның өзекті мәселелерін талқылаған отырыста қойылды.