KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
478.93 534.96 5.16

Тіл жанашырларына арналған конкурс

10.10.2013, 18:00 183


Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы қала көшелеріндегі аяқ алып жүргісіз сауатсыз жарнамалардан құтылудың жолын ойлап тапқан сияқты. Дарынды оқушылар мен олардың мұғалімдері қалалық әкімдікпен бірлесіп «Зейінді қалалықтар» атты конкурс ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Конкурстың шарты бойынша кез келген адам қала көшелерінде ілініп тұрған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қателері бар жарнамаларды суретке түсіріп, оған өзі жайлы деректер жазылған анкетаны қосып, ұйымдастырушыларға жіберсе болғаны.

Тіл жанашырлары өздерінің жұмыстарын reklama_oskemen@mail.ru электронды мекенжайына немесе 26-55-36 факсына жолдауларына болады.

Сондай-ақ Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ( Пермитин к, 21) тілдерді дамыту секторына әкеліп беруге де болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең көп сурет жібергендердің жеңімпаз атануға мүмкіндігі басым болмақ. Байқаудың белсенді қатысушылары сыйлықтармен марапатталатын болады. Конкурстың қорытындысы 10-желтоқсанда шығарылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив