KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Құрбан айтта 3 күн демалатын болдық

8.10.2013, 18:00 185


Қазақстан Үкіметінің басшысы Серік Ахметов Құрбан айт мерекесіне орай 2013 жылдың 12-қазанындағы демалыс күнін 14-қазанға ауыстыру туралы Қаулыға қол қойды делінген Премьер-министрдің ресми сайтында, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Тұрғындардың жайлы демалысы мен 2013 жылғы қазан айында жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов 12-қазандағы демалысты 2013 жылдың 14-қазанындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулыға қолл қойды» делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, қажетті өнімдерді шығару , қызмет көрсету, оның ішінде қаржылық та, үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген ұйымдар, сондай-ақ құрылыс нысандарының ұжымдарына кәсіподақ ұйымдарының келісімімен жұмыстарды 2013 жылғы 14-қазанда жүргізуге рұхсат етіледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс ҚР заңнамасына сәйкес төленеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив