KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Жаңа жылда төрт күн демалатын болдық

5.12.2012, 18:00 140


ҚР-ның Премьер-министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29-желтоқсан сенбіден 31-желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2012 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қр Премьер-министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29-желтоқсан сенбіден 31-желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды», делінген таратылған баспасөз парағында.

Баспасөз қызметі Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қызмет көрсету, сонымен қатар құрылыс нысандарын іске қосу жұмыстарын жасайтын ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарының келісімі бойынша жұмыс істеуге құқық берілетінін атап өтті.

Көрсетілген күнгі жұмыс ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Сонымен бес жұмыс күнгі кестемен жұмыс істейтін қазақстандықтар 2012 жылдың 30,31 желтосаны мен 2013 жылдың 1,2 қаңтары күндері қатарынан төрт күн демалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив