KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жүлдегерлер облыс чемпионатына қатысады

7.10.2013, 18:00 157


«Восток» стадионында Қазақ футболының 100 жылдығына, «Восток» футбол клубының 50 жылдығына арналған Өскемен қалалық ашық чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мамыр айында басталған бұл жарысқа оншақты футбол командасы қатысып, ақтық бәсекеге «Меркурий-Строитель», «Машзауыт», «Жастар», «Риддер ЛНП», «Имсталькон» сынды бес команда шықты. «Восток» стадионында осы жарыстың жабылу салтанаты өтті.

Облыстық футбол қауымдастығының атқарушы директоры Оралбек Әділхановтың айтуынша, жүлделі орындарға ие болған командаларды кәсіпкерлер Талғат Құрманғалиев («Риддерді»), Гиви Гаморели («Меркурий-Строительді»), Михаил Лабуков мен Александр Анашкин («Имстальконді») қамқорлықтарына алып, өз қаражаттарымен қаржыландырып отыр. Олардың өздері де осы командаларда және ардагерлер құрамында ойнайды. Команданың сапындағы студенттерге ақшалай жәрдемдесіп, спорттық киімдер мен доптар алып беруде.

Жарыс қорытындысында «Риддер» командасы бірінші орынды жеңіп алды. «Меркурий-Строитель» екінші орынды иеленсе,«Имсталькон» үшінші орынды еншіледі. Енді осы үш командаға аудандар мен қалалар арасында топ жарған тағы үш құрама қосылып, футболдан облыс чемпионатына қатысады. Олар – Аягөз, Глубокое, Абай аудандарының командалары. Осы алты команда бірінші орын үшін бәсекеге түседі.

– Аудандар мен қалалардың әкімдеріжергілікті футбол қауымдастығына жетекшілік етіп, спорттың бұл түрін дамытуға кірісті. Былтыр Шемонайха ауданының, биыл Үржар ауданының командалары қатысқан жоқ. Қазіргі күні шағын футболдан Комсомол аралында 17 команданың қатысуымен Өскемен қаласының, ал №11 мектепте ардагерлер біріншіліктерін өткізіп жатырмыз, – дейді Оралбек Әділханов.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив