KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Балалар әдебиетін өркендетуге бағытталған бәйге

2.10.2013, 18:00 117


Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі үздік әдеби шығармаларды анықтауға арналған
дәстүрлі «Балауса» бəйгесіне байқау жұмыстарын қабылдау басталды. Шығармалар 2014 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақмыс Тобының баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы жыл сайын өткізіп келе жатқан байқаудың мақсаты бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету.

"Сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық əдеби туындылармен молынан сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау", делінген баспасөз парағында.

Былтыр әділқазылардың қарауына 150 автордан 200-ден астам еңбек келіп түскен болатын. Жеңімпаздардың шығармалары «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің беттерінде жарияланды. Әділқазылар өткен жылы бәйгеге қатыстырылған жұмыстар қайта қаралмайтынын ескертеді.

Бәйгеге қатыстырылатын шығармалар 2014 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады. Байқауға жолданған шығармаларды Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы қарастырып, жеңімпаздарды анықтайды.

Бәйгенің қорытындысы 2014 жылдың 2 сәуірі күні жарияланады.
Бәйге жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады, ал олардың шығармалары бірқатар республикалық басылымдарда жарық көреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив