KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Жанар-жағармай стансасының қасында тонап кетті

1.10.2013, 18:00 165


Өскемен қаласындағы «Синоил» жанар-жағармай стансасының қасында белгісіз екі жігіт 37 жастағы келіншекті тонап кетті. Келген залалдың көлемі 160 мың теңгеден асып кетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шегушінің айтысына қарағанда екі жігіт сағат 23.45 минутта «Синоил» жанар-жағармай стансасының қасында келіншектің сөмкесін ала қашқан. Сөмкенің ішінде әмиян, 128000 теңге ақша, сандық фотоаппарат, «АТФ банк» және «БТА банк» төлем карточкалары, жеке бас куәлігі, басқа да заттар болған. Келген шығынның көлемі 160 мың теңгені құрайды.

Құқық қорғау қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын істі болмаған 1994 және 1993 жылдары туған күдіктілер ұсталды. Қазір осы фактіге қатысты қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив