KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Үржарда бірнеше мектептің құрылысы тоқтап тұр

30.09.2013, 18:00 163


ШҚ облысы әкімінің орынбасары Ерлан Текешов Үржар ауданындағы құрылысы ұзаққа созылып кеткен білім беру нысандарын аралап, осы мәселеге байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданында бірнеше мектептің құрылысы тоқтап тұр. Мердігерлердің берген уәделері орындалмады.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының айтуынша, 2010 жылы құрылысы басталған Науалы ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысы мердігер мекеменің жауапсыздығынан бүгінге дейін мемлекеттік қабылдаудан өтпеді. 2012 жылы апатты жағдайдағы мектеп бұзылған соң, 2012-2013 оқу жылы қарсаңында оқушылар толық аяқталмаған мектепке көшірілген болатын. Жартылай біткен мектептің шатыры дұрыс жасалмағандықтан, қазір төбесінен жауын-шашын суы сорғалап тұр.

Лайбұлақ («Топи-проект» ЖШС), Ер Қабанбай («РСУ АСАР» ЖШС) мектептерін салып жатқан мердігерлер де берілген тапсырмаларды дер мезгілінде бітірмей отыр.

Жиында құрылыс жұмыстарына не кедергі болып жатқандығы анықталды. Мердігерлер қанша ақталғандарымен жыл аяғына дейін құрылысты бітіріп беруге уәде берді.

Бейсенғазы Ұлықбек

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив