KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

15.11.2012, 18:00 142


Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Қазақстан 2030» Стратегиясының 15 жылдығына және облыстың 80 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «ТОПЖАРҒАН» сыйлығына конкурс жариялайды. Конкурс бірнеше номинациялар бойынша өткізіледі.

- үздік баспасөз материалы;
- үздік бейнематериал;
- үздік радио бағдарлама;
- үздік Интернет жоба.
Конкурсқа республикалық БАҚ журналистері қатыса алады.

Сыйлықтан үміткерлер мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
1. 2012 жылғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 10 қарашаға дейінгі аралықта жарық көрген (эфирге шыққан) материалдарын, сондай-ақ, жаңа жобаларын тапсырады, олар конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жариялауға ұсынылуы мүмкін.

2. Басылым журналистері есімі, әкесінің есімі, тегі, БАҚ атауы, нөмірі және уақыты көрсетілген материалдарының көшірмелерін папкаға тігіп ұсынады. Сондай-ақ ұсынылған мақалаларының тізімін қоса тапсыруы қажет.

3. Тележурналистер қатысушының аты-жөні көрсетілетін DVD форматындағы бейнематериалдарын ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы, қысқаша мазмұны, эфирге шыққан уақыты, телеарнасы көрсетілген бейнематериалдар тізбесін қоса тапсырады.

4. Барлық үміткерлер міндетті түрде өмірбаянын, жеке бас куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелерін тапсырады. Егер оны БАҚ редакциясы ұсынған жағдайда, редакция тарапынан жасалған ұсыныс, мінездеме қоса ұсынылады.

5. Материалдар 16 қарашаға дейін Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан облыстық ішкі саясат басқармасының № 244 бөлмесіне тапсырылады.

Анықтама телефоны 8 (7232) 26-47-07, 70-19-15

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив