KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
486.65 524.46 5.05

Халықаралық Бизнес Академиясы ең беделді халықаралық аккредитацияға ие болды

25.09.2013, 18:00 139


Халықаралық Бизнес Академиясы бизнес-білім саласындағы ең беделді халықаралық аккредитациялардың бірі - МВА бағдарламалары бойынша АМВА (Association of MBA’s, UK, London) Халықаралық аккредитациясын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Халықаралық Бизнес Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Бизнес Академиясы бизнес саласындағы беделді халықаралық аккредитациялардың бірін алған Орталық Азия мен Қазақстандағы тұңғыш және жалғыз жоғарғы оқу орнына айналып отыр.

«МВА Қауымдастығы үшін Орталық Азия аймағындағы жоғарғы оқу орнына аккредитация беру бұрын болмаған оқиға. Бұл Халықаралық Бизнес Академиясы үшін, сонымен бірге, Қазақстан үшін де үлкен жетістік. Сіздер өз бизнес-мектебіңіз бен өз еліңізді мақтан тұта аласыздар!», - деп атап өтті Қауымдастықтың Аккредитация комитетінің сарапшылар тобы мүшесі, профессор Мартин Джонс.

Жоғарғы оқу орнының мұндай аккредитацияны алуы МВА түлегіне оның дипломының бүкіл әлем бойынша мойындалатынына кепілдік береді. Бәсекелі нарық жағдайында АМВА аккредитациясы студенттердің білімге құйған қаржысы үздік бизнес біліммен қайтарылатынына кепіл болады.

«ХБА ұжымы біздің осыған қолымыздың жетіп отырғанын өте мақтан тұтады. Мен мұны Халықаралық Бизнес Академиясының ниеттестерінің бүкіл тобының лайықты жеңісі деп сеніммен айта аламын. АМВА аккредитациясын алу таяу келешекте әлемнің үздік бизнес-мектептері қатарына қосылатын Академия үшін жақсы бастама. Бұл Академияның ғана емес, сонымен бірге, бүкіл қазақстандық бизнес-білімнің әлемдік деңгейде мойындалғаны және жеңісі», - дейді Халықаралық Бизнес Академиясының негізін қалаушы Президенті Асылбек Қожахметов.

Қазіргі таңда ХБА қазақстандық МВА бағдарламасын, сондай-ақ, Маастрихт менеджмент мектебімен (Нидерланд), Шеффилд Университетімен (Ұлыбритания), РФ Үкіметінің жанындағы Халық Шаруашылық Академиясымен (Ресей Федерациясы) бірлесе отырып үш халықаралық бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Үш серіктестің әрқайсысында МВА Қауымдастығының аккредитациясы бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив