KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Шетелдік қонақтар семейлік студенттермен кездесті

27.04.2018, 17:06 125

Осыдан үш жылы бұрын Шәкәрім есімі берілген киелі шаңырақ бірнеше шетелдік жоғарғы оқу орындарымен өзара ынтымақтастық жайында меморандумдарға қол қойған еді. Арада көп жыл уақыт өтсе де бүкіл әлем мойындаған, ең беделді университеттермен интеграциялық байланыс күннен-күнге нығая түсуде. Олай дейтін себебіміз, кеше Шәкәрім шаңырағында «Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия»атты Халықаралық форум өтті.


Халықаралық форумға Оңтүстік Кореяның Кьюнгдонг Университетінің Президенті Джон Ли, Экономика бойынша Швейцариялық қосалқы білім беру жоғары мектебінің ректоры Доминик Джордан, Қытайдағы Чжэцзян қаржы және экономика университетінің профессоры Тао Итао қатысып, халықаралық және отандық тәжірибе саласындағы дуальді білім беру мен оны қазақстандық жағдайда қолдану мүмкіндігі, қос дипломды жобаларды талдау үрдістерін, перспективаларын жан-жақты талқылаған болатын.


Ал бүгін осы форумға ат басын бұрған Түркияның Денизлі қаласындағы Памуккале университетінің профессоры Нергиз Бирай мен Германия мемлекетінен келген қандасымыз Дениз Ақсуды қазақ филология факультетінің «Журналистика» кафедрасында оқитын студенттер «Айна тв» студиясына шақырып, «Ашық сұхбат» бағдарламасында өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив