KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

80 мың теңге пара аламын деп қамалды

24.09.2013, 18:00 151


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Зырян станциясының бастығы 80 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясының баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Бапасөз парағынан белгілі болғандай, департаментке Т. деген азаматтан Зырян станциясының бастығы Зыряннан «Алматы 2» теміржол станциясына дейін жүктерді жеткізуге жабық жүк вагондарын бергені үшін пара сұрағаны туралы арыз келіп түскен.
Арыз бойынша жүргізілген тексерулер осы фактіні растады. Зырян станциясының бастығы пара алғаннан кейін ұсталып, одан 80 мың теңге алынды.

21-қыркүйекте станция бастығының үстінен ҚР ҚК 311-бабының 1-тармағы бойынша қылмысты іс қозғалды.

23-қыркүйектен бастап күдікті сот шешімімен қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив