KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Үкіметтік емес ұйымдардың күндері өтетін болды

23.09.2013, 18:00 144


Шығыс Қазақстан облысында 800 үкіметтік емес ұйымдар ресми тіркеліп, оның төрттен бірі белсенді әрекет етуде. Аймақтағы коммерциялық емес ұйымдардың ең белсенді және көрнеуі өкілдері «ҮЕҰ және мемлекет – тең деңгейде тілдесу» атты Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының форумында бас қосты. Форумның құрметті қонақтары – Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті А.Платонов болды.

Мұндай форум өңірде жыл сайын өткізіледі. Аталмыш сұхбат алаңында ҮЕҰ өкілдері елдегі азаматтық қоғам рөлін нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтық секторды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу сынды маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.

Биылғы басқосудың бір ерекшелігі – форумға бірінші рет жақында сайланған ауылдық округтер әкімдері қатысып, ой бөлісті. Атап айтсақ, жаңа заңнама аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелер жан-жақты талқыланды.
Облыста «Үшінші секторда» 10 мыңнан астам адам, яғни аймақтың әрбір сегізінші тұрғыны жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға 2003 жылы 2 млн теңге бөлінген болса, биылғы жылы бұл сома 279 млн теңгеге жеткен. Облыста «ШҚО Қоғамдықкеңесі» сынды азаматтық қоғам институттарының билікпен әрекеттесуінің тамаша үлгісі бар. ҮЕҰ жергілікті билікпен қатар халықаралық ұйымдармен де серіктестікте қызмет етуде.

– Шығыс – бұрыннан-ақ жаңалықтардың, жаңа идеялар туындайтын жер болған. Біз 2014 жылы «Аймақтардың әлеуметтік капиталы – елдің қарқынды дамуының негізі» атты акцияны республика көлемінде өткізу туралы ұсыныс білдіреміз. Бұл азаматтық сектор, билік және бизнестің өз елді мекендерінің болашағын тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлаудың тамаша үлгісі болады, - деп ұсыныс білдірді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев форумның пленарлық отырысында.

Ұсыныс демекші, аймақ басшысы ШҚО ішкі саясат басқармасының ҮЕҰ күндері өткізіп тұру туралы ұсынысын құптады.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Ольга Кузовлева мемлекеттік органдардың «қолы жете бермейтін» істерді атқаруға атсалысып отырған үкіметтік емес ұйымдарға алғыс білдірді. Ал облыстың ең белсенді ҮЕҰ өкілдері ШҚО әкімінің алғыс хаттарына ие болды.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив