KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде «Тілдарын» конкурсы өтті

11.04.2018, 09:20 213

Тілдер бойынша  «Тілдарын»  қалалық  конкурсының Гран-при жүлдесін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Азиза Әмірбекова еншіледі.


Өскемен қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған байқаудың ережесі бойынша, сайысқа 18-22 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алды. Демек олар негізінен колледждер мен ЖОО студенттері еді.


Үш турда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің деңгейлері анықталды. Байқаудың шарты бойынша мәтінді оқу, оны ауызша айтып беру, эссе жазу және мәтінді аудару қажет болды. Қатаң талаптар қойылды. Мысалы, қазақ тілінде эссе жазуға 15 минут, орыс және ағылшын тілдерінде жазуға 5 минут бөлінді. Аз балл жинаған қатысушы келесі турға өтпей қалды.


 –Мен үшін онша күрделі болған жоқ. Мектепте бізді эссені аргументтермен жазуды үйреткен болатын. Біз көптеген терминдерді жаттадық,  қазақтың әдеби сөздерін білеміз, күнделікті ауызекі сөздерді сирек қолданамыз. Сол себепті маған үшінші айналымда Абай мен аль-Фарабидің философиялық зерттеулерін қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне аудару жөнінде тапсырма бергенде, еш қиындықсыз аударып шықтым,– дейді  11 «С» сыныбында оқитын Азиза.

Қазылар алқасы Азиза Әмірбекованың білімін жоғары бағалады. Енді Гран-при иегері облыстық конкурсқа қатысып, бағын сынап көреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив