KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 5 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Қазақстанда шылымның бағасын 100% қымбаттату жоспарланған

16.09.2013, 18:00 104


Елімізде темекі мен алкоголь өнімдеріне акциз көтерілетін болды. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір 1 мың темекі үшін акциз 1550 теңгені құрайды. 2014 жылға қарай бұл көрсеткішті 3 мың теңгеге жеткізу арқылы, шылымның бағасын 100% қымбаттату жоспарланған.

Ал 2020 жылға қарай оның бағасын 10000-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Қымбатшылық алкогольді ішімдіктерді де айналып өтпейді.

Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1 мың теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив