KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шалғайдағы ауылдар да интернетпен толық қамтылуға тиіс

4.09.2013, 18:00 144


«Қазақтелеком» АҚ 2014 жылы республиканың барлық елді мекендерін, оның ішінде шалғайдағы ауылдарды да интернетпен толық қамтымақ , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Келер жылы барлық ауылдық жерлерді интернет желісімен жүз пайыз қамтимыз, – деді акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Ресми өкілдің келтірген мәліметтеріне жүгінсек, бүгінгі таңда 707 398 мектептің 99 пайызына телефон тартылған, оның ішінде осы білім ошақтарының 97 пайызға жуығы интернетпен қамтылған.

Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша еліміздегі телефон желісімен қамтылған мекемелер мен үй шаруашылықтарының саны 4070-ке жетіп отыр. Соңғы жылдары кең жолақты интернет желісінің іске қосылуы 30 пайызға өсіп, 1300-ді құраған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив