KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ұландық имам төрт баланы мектепке дайындады

1.09.2013, 18:00 112


Бүкіл ел аумағында өткізіліп жатқан «Мектепке – жол» акциясына Ұлан ауданына қарасты Алмасай ауылының имамы Ербол Әмірханов та өзіндік үлесін қосты. Ол төрт балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер сатып алып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беру – бәріміздің азаматтық парызымыз. Біздер өзіміздің іс-әрекетіміз арқылы халыққа жақсылыққа жетелейтін қайырымдылық шараларына атсалысып, көмек қолын созу керектігін ұқтырғанымыз жөн, – дейді ол.

Оқу жылы қарсаңында балаларының қажеттіліктері өтелген ата-аналар имамға ризашылықтарын білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив