KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1,2 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығы талқыланды

27.08.2013, 18:00 183


Зырян ауданында жастар үшін салауатты отбасын құру және оны сақтау мәселесіне арналған семинар-тренинг ұйымдастарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен Чапаево орта мектебінде өткен семинарға балалар педагогикасы мен психологиясы саласының мамандары қатысты. Іс-шараның модераторлары ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығын әртүрлі тәсілдермен түсіндірді.

Семинар-тренингке қатысушылардың пікірінше, аталған жоба жас ата-аналарды тәрбиенің заманауи әдіс-тәсілдеріне баулиды. Жас ата-аналар үшін бұл басқосудың берері мол. Сонымен қатар, семинар барысында жастардың проблемалары және оны шешу жолдары талқыланды.

Еркін ой бөлісуге мүмкіндік беретін дөңгелек үстелдер, пікірталастар семинар маңыздылығын арттыра түсті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив